Түркістан облысы Жетісай ауданында екі отбасы баспаналы болды. Игі іске осы ауданның қолы ашық жомарт кәсіпкері мұрындық болған. Оның айтуынша баспанаға шын мұқтаж отбасыларды арнайы комисиия мүшелері анықтаған.
Баспаналы болып, қуанышқа кенеліп отырғандардың бірі – Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Мадина Жаныбаева. Отбасы 10 жылға жуық пәтер жалдап келген. Отағасы үшінші топ мүгедегі, жары Мадинаның да денсаулығы жиі сыр беретін көрінеді. Бұған дейін мүгедектікке берілетін зейнетақы мен түрлі жұмыстармен күнелтіп келген. Жаңа үй жарықпен қамтылған, ауыз су жүйесі жүргізілген.
Мадина Джанибаева, баспана иесі:
- Осы уақытқа шейін квартирада тұрып келдім. Аудан басшылығына, фирма кәсіпкерлерге алғысым шексіз. Алла осы үйді бұйыртқан екен.
Қайыры мол қайырымдылық шараға кәсіпкер Мадәлі Тәжібаев бастамашы болған. Ол қос бірдей отбасыға баспана сыйлап, елдің алғысына бөленді. Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамадық дейді. Мәрттік пен жомарттықтың үлгісін көрсеткен кәсіпкер мұндай қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табанын айтады.
Мадәлі Тәжібаев, кәсіпкер:
- 2021 жылдың күз айында басшылықпен келісіп, қайырымды іс шара жасаймыз деп шешекен едік. Аудан әкімшілігіне келіп, жер барма? Осылай екі үй салайық деп айтып едік. Жер берілді. 10 айдың ішінде бітіріп, тапсырып отырмыз. 66 адамның тізімі келіп түсті. Соның 2 адамға бұйырып отыр. комиссия шешіміміен 2 мұқтаж жанға бердік. Бұл қайырымды шара бұрында болған.
Баспаналы болу бақытына ие болған екінші жан, жалғызбасты ана Ұлбосын Құсанова. 4 перзенті асырау үшін күндік жұмыстарға жалданып, нәпақысын тауып келген. Табысының біраз бөлігі пәтерақысына кетсе, енді біразы күнделікті ас-ауқатынан артылмайды.Бұған дейін баспана тауқыментін тартқан ол , қайырымды жанның арқасында баспаналы болған екі отбасы мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Қайырымды жанға айтар алғысы шексіз
️