Енді әкімдер мәслихат депутаттарының таңдауымен тағайындалады. Президент Қасым Жомарт Тоқаев осындай жарлыққа қол қойды. Бұдан бұлай Шымкент, Нұр-Сұлтан,Алматы және де 17 облыстың әкімі лауазымына Президент кемінде 2 кандидат ұсынады. Онда үміткердің өмірбаяны, еңбек қызметі, мемлекеттік наградалары туралы ақпарат көрсетіледі. Ал Мәслихат депутаттары 3 күннің ішінде жиналыс өткізіп, талқылайды. Депутаттар ұсынылған кандидатураларды «жақтап» немесе «қарсы» пікірлер айтуға құқылы. Алайда мәслихаты депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі жиынға қатысуы тиіс. Дауыс беру жасырын және ашық түрде өтеді. Егер кандидаттар бірдей дауыс санын жинаған болса, санақ комиссиясы аталған кандидаттар арасында қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.
️