Кәсіпкерлер мемлекеттік конкурс арқылы ұтып алған екі көлде балық өсіру жұмысын жүргізе алмай отыр. Бұл Түркістан облысындағы Шардарада ауданында болған. Себебі, аудан әкімдігі аталған құқықты 2003 жылы басқа шаруа қожалығына берген. Ал кейінгілер аталған жерлерді мақсаты бойынша пайдаланбаған. «Жер қараусыз, бос жатыр дейді» «Береке» шаруа қожалығының адвокаты Құлажан Қошқаров. Аймақтағы осы және басқа да жер дауы мәселелері жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың қатысуымен өткен арнайы жиында қаралды. Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген шаруалар мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Құлажан Қошқаров, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі:
- Аталған мәселені көтеріп бармаған жеріміз жоқ. Тіпті соттастық та. Алайда аудан әкімдігі бұрынғы жер иелерін қорғап отыр. Мәселе неде екені белгісіз. Оларды тексеруге құқығымыз жоқ, өйткені елде мораторий жарияланған дейді.
️