Түркістанда HR біліктілігін арттыруды көздейтін форум өтті

452
10.06.2022 05:57

«Еліміздегі Эйчар мамандарын даярлау ісі ақсап тұр». Түркістанда өткен  форумының басты мәселесі осы болды.  Шетелдік сарапшылар бас қосқан жиында кадр бөлімінің мамандарын дамыту тетігі  туралы сөз қозғалды.  Әсіресе адами капиталды дамыту көздері қарастырылып, өзара тәжірибе алмасты.

"Интеграция коды 2022. Дәл осындай атаумен Түркістанда алғаш рет Эйчар саласының үздіктері арнайы форумы өткізді.  Кадр бөлімінің маңыздылығы тек тәжірибесімен емес,  адами капиталды  жоғары бағалауымен өлшенеді дейді  ұйымдастырушылар.

Әлихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитетінің төрағасы: 

- Қай саланы дамытуда болса да адами капиталды дамытудың орны ерекше. Адами капиал дегеніміз оның білімі, білігі емес, тәжірибесің ғана емес, сонымен қатар, адамдардың арасындағы қарым-қатынас мәдениеті. Бір-біріне деген сенім қалыптастыру тетігі. Осының барлығы жиналған кезде азаматтардың мамандардың білігі ортақ мүддеге жұмыс жасайтын  болады. Ортақ ережеге бәрінің бағынуы және бір-бірінің уақытын еңбегін абыройын қақын құрметтеп түсіну өте маңызды рөл атқарады.

Форумға елімізден бөлек, Еуропа елдері мен Орта Азияның танымал бизнес көшбасшылары мен сарапшылары қатысты. Алқалы жиынның рухани астанада өткізілуі тегін емес дейді өңір басшысы 

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Түркістан о бастан үлкен ғұлама біздің қазақтың тек Қазақстанның емес, қазақтың емес түркі елдердің бүкіл әлемнің атын шығарған тұлғалардың отаны. Жаңа Әлфарабиды айтып кетті. Форумның осында өтуі жай емес. Өйткені Адам әлеуетін дамыту, замануи жағынан тез бейімдеу дегенді білдіреді.

ХХ ғасырдың 90-жылдары HR-менеджер маманының дамуы мен қалыптасуы басталады. Бүгінде бұл сала мамандары тек сұранысқа ие болып отыр. Өйткені Эйчар арқылы жан-жақта жүрген кіл мықтыларды іріктеу оңай.  Бас қосуда кадр бөлімінің біліктілігін арттыру да сөз болды. Мамандар туралы толық деректі жинақтаған жағдайда, еліміздің болашақ көшбасшыларын табу жолы жеңілдейді. Бастысы мамандардың біліктілігі. 

Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

- Екінші үлкен мақсат - эйчар саласында жүрген жұмыс істеп жүрген сарапшылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнау, бейресми түрде көп мәселелерді шешу. Және ынтымақтастық жолында жұмыс жасау. Үшінші мәселе әрине Қазақстанның ғана сарапшылары жиналып жатқан жоқ. АҚШ,Түркиядан, Орта Азия мемлекеттерінен, Әзірбайджаннан келіп жатыр. Олардың да тәжірибесі қалай екен, біздің тәжрибеміге қандай сабақтастығы бар екендігі түсіну керек. Сол себепті бұл форум өте өзекті болып отыр.

Форум қатысушылары сонымен қатар эйчар саласының мүмкіндіктерін талқылады. Бұдан бөлек, жиын аясында «Қоғам және басқару»,  «Әл-Фарабиден жаңа ахуалға дейін» атты сессия өткізілді.