Маймыл шешек дерті өршіп барады

729
09.06.2022 11:09

Маймыл шешегі 27 елде анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Бұл мемлекеттер негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада орналасқан. «Біз Батыс Африкада маймыл шешегімен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет вирусты қайта жұқтырудан 100% қорғай алмайды», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау қйымының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

Дүниежүзілік ұйым маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатындығын мәлімдеді. Науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріледі. Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ.