Онлайн санақ 10 күнге ұзарды

275
03.06.2021 23:25

Онлайн санақ 10 күнге ұзарды. Яғни, тұрғындар 1 қыркүйек пен 10 қазан аралығында sanaq.gov.kz арнайы сайты арқылы тіркеледі. Бұл карантин кезінде сақтық шараларын сақтауға септігін тигізеді. Санақ, әдеттегідей үйді-үйді аралау арқылы өтеді. Ол үшін Түркістан облысы дайындық кезеңінде 352 учаскеге бөлінді. Маусым айының соңына дейін бұл мақсатқа 500-дей адам жұмылдырылды. Ал, негізгі кезеңде санақтың дұрыс өтуіне 3000-ға жуық адам үлес қосады. Олар күніне 8 сағат жұмыс істейді. Қызметкерлердің әрқайсына арнайы бағдарлама орнатылған планшет беріледі. Олар орта есеппен 100 мың теңге көлемінде жалақы алады. Жалпы, Қазақстанда халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Яғни, тәуелсіздік алғалы бергі үшінші ауқымды шара болмақ.