Жаңадан құрылған үш облыстың шекарасы ресми түрде белгіленді

1228
09.06.2022 06:08

Қазақстан картасына үш облыс ресми түрде енгізілді. Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 мамыр күні Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойған еді. Онда жаңадан үш облыс құру туралы айтылған. Құжат бүгін, яғни 8 маусымнан бастап күшіне енді. 

Оған сәйкес Ұлытау облысы - ең үлкен өңірлердің бірі, екі ауданнан тұрады - Жаңарқа, Ұлытау, облыстағы үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев. Жезқазған - мыс өнеркәсібінің орталығы, ол аймақтың әкімшілік орталығына айналған. Жаңа облыстың халқы шамамен 226 мың адам болуы тиіс. Абай облысы Шығыс Қазақстан облысынан бөлінген. Өңір орталығы Семей қаласы болды. 

Облысқа сегіз аудан кірді: Сондай-ақ, екі қала - Семей және Курчатов. Облыс халқы шамамен 640 мың адам. Алматы облысы құрамынан - Жетісу облысы бөлініп шықты. Онда 650 мыңға жуық адам тұрады. Облыстың әкімшілік орталығы Алматы облысының бұрынғы орталығы - Талдықорғанда орналасқан. Облысқа сегіз аудан және Талдықорған, Текелі қалалары енді.