Маңғыстау облысында Тик-ток түсірмек болған жігіт суға кетті

265
09.06.2022 05:40

Маңғыстау облысында жас жігіт суға кетті. Оқиға Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында болған. ТЖД мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген. Үшеуі пирстен теңізге , екеуі жағаға жүзіп шыққанымен үшінші жігіт суға батып кеткен. Іздеу жұмысына 15 құтқарушы және екі сүңгуір тартылған. Анықталғандай,  марқұм жігіт  2004 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны.

Пірімжан Дінмұхаммед, Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

- Суға кеткен адам - 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқып жүрген, сол оқу орнына қарасты №5 жатақханада тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр.