Балалар жылы аясында Шардара ауданында футболдан облыстық турнир өтті

582
08.06.2022 05:52

Балалар жылы аясында Шардара ауданында футболдан облыстық кіші турнир өтті. Оған аудандардан 2007-2010 жылы туылған жасөспірім футболшылар қатысты. Жеңімпаз командалар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Бұл турнир Шардара ауданында футболдың дамуына сүбелі үлес қосқан спорт шебері Ермек Аманқұловты еске алуға арналды. Оны ел тәуелсіздік жылдарында елдегі қиыншылыққа  қарамастан  футбол федерациясын құрған азамат ретінде еске алады. Бүгін еңбегі ескеріліп, есімі еске алынды. Рухына арналып құран бағышталды. Өмірінің көп бөлігін спортқа арнаған Ермек  Аманқұловтың жарқын істері жас ұрпақ жадында жаңғыртылды.

Гүлбаршын Жұмашева, Ермек Аманқұловтың жары:

- Рақмет, бүгі облыстық кіші турнир өтіп жатыр. Барлық жор-жолдастарына, қызметкерлеріне, ізбасарларына барлығына алғысым шексіз. Рақмет айтамын.

Абай Шәкеев, жаттықтырушы:

- Биыл 1-ші жыл. Ермек Аманқұловтың кіші футболдан 2007-2010 жылғы туған жасөспірімдер арасында кіші футболдан облыстық турнир берді. Шардара ауданының спортына көп үлес қосқан кісі. Шадараның футболының атасы деп айтсақ та жарасады. 

Жарысқа облыстың әр ауданынан 10 нан астам команда келіп қатысты. Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортқа баулу дейді ұйымдастырушылар. Сайыс барысында Сарыағаш командасы барлық турда басымдық танытты. Қарсыластарының қақпасына қайта - қайта гол салып, жеңісті оңайлықпен бермейтінін аңғартты.

Азамат төлебек, "Арман"  командасының ойыншысы:

- Біз группада 1-ші ойын Жетісай командасымен ойнадық. Жетісай командасын 2:0 есебімен біздің есебімізге жазылды. 2-ші ойын Созақ ауданымен ойнадық. Оны 3:0 қылып, біздің есебімізге жазылды. Ойындар өте қиын болды. Бірақ біздің балдар барын салды. Соның арқасында осы группадан 1-ші орын болып шықтық 

Жарыс осылайша тартысты өтті. Жеңіс тұғырынан көрінуге әр команда тырысып ақ бақты. Ал Ермек Аманқұловтың үзеңгілес достары мен өзінің туған-туыстары тебіреніске толы естеліктерін айтып, игі іс жасап отырған ізбасарларына алғыс сезімдерін білдірді.