Шымкентте заңсыз ішімдік шығаратын цех анықталды

363
08.06.2022 05:16

Шымкентте жасырын түрде алкоголь өнімдерін дайындап келген қос бірдей цех жұмысы әшкере болды. Бір қызығы заңсыз түрде ішімдік өндіретін өндіріс орнының бірі  индустриалды аймақта жұмыс істеп келіпті. Әділет органы өкілдерінің айтуынша 1975 жылғы қала тұрғыны арнайы аймақтағы қоймалардың бірін жалға алып жұмыс істеген. Екі жасырын орынды тінту кезінде алкоголь өнімі құйылған 6 мың шөлмек пен 20 мың бос бөтелке және 2 тоннадай таза спирт анықталған. Қазір айыпталушылар өзінің кінәсін толық мойындап 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Және бір жарым миллион теңге көлемінед айыппұл салынды. Ал алкоголЬ өнімдері толығымен жойылған.