Қоқыс полигондары көбейген

150
03.06.2021 23:24

Қазақстанда заңсыз қоқыс полигондарының 80 пайызы экологиялық және санитарлық талапқа сәйкес келмейді. Бұл туралы сенатор Абдалы Нұралиев Парламент Сенатының жалпы отырысында мәлімдеді. Оның сөзінше, қоршаған ортаның зиянды заттар мен техногенді қалдықтармен ластануы қоғамдағы басты проблемалардың бірі. Депутат қоқыс мәселелерін шешу үшін мектептерде экологиялық білім беруді ұсынды. Сондай ақ, ауа тазалығы туралы арнайы заң жобасын және тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге кеңес берді. Айта кетейік, қазір 3000-нан астам полигондарда 125 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып қалған.