Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша өңір тұрғындарына алғыс айтты. Облыс – еліміздегі халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ. Сондықтан саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтардың саны да өзге өңірлерге қарағанда көп. Референдумға 1 млн 163 мың тұрғынның 80 пайыздан астамы қатысып, таңдау жасады. Осылайша, Түркістан облысы халық белсенділігі жағынан республикада алғашқы орынға шықты.
Жалпы Референдумға дайындық кезінде облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 1500-дей кездесу өткізді. Оған 180 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Өңірдегі 914 сайлау учаскесінде 6500 бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:
- Референдумның облыста табысты өткенімен құттықтаймын. Халық белсенділік танытты. 80-пайыздан астам сайлаушылар қатысты. Нәтиже дұрыс болды деп ойлаймын. Оның бар себебі Жалпы саяси-экономикалық жағдайы тұрақты екенін білдіреді. Облыста белсенділердің абыройлы азаматтардың депутаттардың әкімдердің жалпы халықтың бірігіп жасаған жұмысының нәтижесі деп білемін. Сондықтан үлкен алғысымды білдеремін.
️