Енді Қазақстан шекарасынан ПТР тестсіз өтуге болады. Елімізде 8 маусымнан бастап вакциналау мен ПТР растау талаптары алынып тасталады. Мұндай шешімді елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен комиссия отырысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен өңір басшылары қатысты. Сондай-ақ жиын барысында еліміздің 7 облысында мемлекеттік шекарада уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйым жойылатын болып шешілді
️