Үлкендердің қарауынсыз қалған үш бала суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында болған. Құтқарушылардың айтуынша, балалардың денесі елді мекеннен бір шақырым жердегі өзеннен табылған. 4 және 5 жастағы қыздар – бір отбасының балалары екені анықталып отыр. Ал тағы бірі ер бала. Олармен бірге болған төртінші жасөсіпірім ауылдан көмек сұрауға асыққан. Алайда үлкендер дер кезінде жетіп үлгермепті. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындардан әсіресе, өзен-көлдердің жанында балаларды көзден таса етпеу керектігін ескертеді.
️