1 қыркүйекте "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" сабағы қосылады

1144
07.06.2022 10:01

5-сыныптан бастап қазақстандық оқушылар "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" курсын оқи бастайды. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлімдеді. 

Білім академиясы президентінің айтуынша, курс оқушылардың зерттеу, талдау, коллаборация, коммуникация секілді дағдыларын дамытуға бағытталған. 

"Алдағы оқу жылының білім беру процесінің ерекшеліктерінің бірі - 5-11 сыныптарда "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" атты курс енгізілуі. Академия жобаны таныстыру үшін өңірлік әдістемелік орталықтарға жіберді. Сайтта жарияланды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты кейбір НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) бекітілгеннен кейін түпкілікті өзгерістер енгізіледі, ал хат мектептерге жіберіледі", - деді Мәдина Тыныбаева.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайтынын хабарлаған болатын.