Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кеткен. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар, Түркістан қаласының құтқарушылары мен тәртіп сақшылары, сондай-ақ атқарушы орган қызметкерлері бірлесіп арнайы профилактикалық іс-шара өткізді. Арнайы құрылған топ қала аумағындағы шомылуға тиым салынған қауіпті учаскелерді аралап, сол жердегі қала тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетерлігі, Түркістан облысы еліміздегі ең ыстық аймақтардың бірі болғандықтан, мұнда шомылу маусымы мамыр айында басталып, қазан айына дейін жалғасады.
Әмір Амангельдинов, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері:
- Түркістанда шомылауға тыйым салынған қауіпті аймақтар көп. Осы жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мәселен, Арыс-Түркістан каналы, Шаға өзені, Қарашық өзені және Тұңғыш Президент саябағындағы көлшікте шомулыға тыйым салынған. Қала тұрғындарына ескертеміз, егер де осы жерлерде суға түсу фактісі орын алған жағдайда Полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 364 және 440 баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
️