Теңіз кен орнында дауыс беруге 10 мыңға жуық адамнан өтініш түскен. Осыған орай 19 көшпелі бекет жұмыс істеп тұр. Еліміздің бірнеше өңірінен келген жұмысшылардың бір бөлігі тұрғылықты тіркелген мекенжайындағы учаскелік комиссияға жүгініп, есептен шығару куәлігін әкелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді. «Жылыой ауданындағы Теңiз кен орнында референдумға дайындық бiрнеше аптаға созылған екен. Референдум учаскелері «Теңізшевройл» компаниясы мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдарымен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бақылаушы ретінде ммандар аудан орталығы Құлсарыдан келген.
️