Солтүстік Америка, Канада астаналарында учаскелер ашылып жатыр

278
05.06.2022 16:38

Дауыс беру учаскесінде аналогтық жеке куәлікпен ғана емес, оның электронды нұсқасымен де дауыс беруге болады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы 111 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беруге келген елорда тұрғынына аналогтық жеке куәлігі болмаған соң, бюллетень беруден бас тартқан. Бойжеткен электронды жеке куәлікпен дауыс беруді өтініп, сайлау учаскесінің өкілдеріне жүгінген. Алайда 18 жастағы астаналықты жеке куәлігінің тұпнұсқасын алып келу үшін үйіне жіберген. Еске салсақ, Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылдың 28 қыркүйегіндегі бұйрығымен цифрлық құжаттар сервисін пайдалана отырып, электронды құжаттарды қалыптастыру, тексеру және қолдану қағидалары бекітілген.