Асанәлі Әшімов Референдумда дауыс берді

236
05.06.2022 16:33

Елімізге еңбегі сіңген өнер қайраткері Асанәлі Әшімов референдумға қатысып, өз таңдауынды жасады. Халық әртісі Шымкент қаласындағы референдум учаскесінде дауыс берді. Актер дауыс беру ел болашағы үшін маңызды екендігін атап өтіп, шараның үлкен мереке екенін айтты. Айта кетейік, Кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толды.