Келіссөздер жүргізілді

65
03.06.2021 23:21

Қазақстанға инвестиция құйып отырған ең ірі 10 елдің бірі Түркия осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға ниетті. Әсіресе, еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауылшаруашылығы бағытында бірлесе өнім шығаруға, өндіріс орындарын салуға мүдделі. Осы аптада қазақстандық кәсіпкерлер Түркияның ірі компания өкілдерімен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларға қатысты келіссөздер жүргізді.