Мақтаарал ауданында І топ мүгедегі, мүмкіндігі шектеулі азамат Нұрмахан Ахметов өз таңдауын жасады. Бірлік ауылдық округі Қоңырат елдімекенінің тұрғыны еліміздің жарқын болашағы үшін өтіп жатқан бүгінгі саяси науқанның маңызы өте зор екенін атап өтті. Мүгедектігі бар азамат саяси белсенділігі арқылы еліне, туған жеріне қызмет етуді мақсат тұтқан. Сондықтан, ол елдегі әрбір саяси науқанға, реформалар мен өзгерістерге бейжай қарамайтынын жеткізді.
️