Атадан балаға, одан әрі немереге ұласқан кәсіпті киелі санап жататын әулеттер бар. Бұл да болса, олардың өз кәсібіне деген адалдығы мен шексіз құрметі болар. Арыс қаласында осындай теміржолшылар династиясының бірі-Жаңабаевтар әулеті. Бұл әулетте бір атадан тараған 7 ұлда бар ғұмырын теміржол саласына арнаған екен. Жалпыхалықтық референдумға белсене атсалысу әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз деген Жаңабаевтар әулеті Қазақ елінің болашағына тікелей әсер ететін өзгерістен шет қалмай өз таңдауларын жасады.
️