Түркияда Референдум қалай өтуде?

225
05.06.2022 12:44

Қазақстандықтар ең көп тұратын шет мемлекеттердің бірі Түркияда да отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Анкарадағы Қазақстан елшілігі және Ыстамбұл мен Анталия қалаларындағы консулдық ғимараттарында орналасқан референдум учаскелері жергілікті уақытпен сағат таңғы жетіде ашылды.

Ыстамбұл қаласындағы бас консулдық ғимаратында орналасқан нөмірі 255 референдум учаскесінде дәл қазір қарбалас. Осында оқитын, жұмыс істейтін және демалуға келген қазақстандықтар топ-тобымен келіп дауыс беріп жатыр. Учаскеде дауыс беру үшін 300-ге жуық қазақстандық тіркелген. Олардың басым бөлігі түске дейін таңдауларын жасап үлгерді.