Емханада ем алып жатқандар да Референдумнан шет қалмады

294
05.06.2022 12:39

Саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан Ордабасы ауданы Төрткүл ауылы тұрғындары да белсенділік танытуда. Ауылдағы емханада емделушілері де саяси науқаннан шет қалмады.

Советбек Исақұловтың осы жерде емделіп жатқанына 3 күн болды. 87 жастағы қария 467 референдум учаскісіне тіркелген. Алайда денсаулығына байланысты бара алмады. Дегенмен өтініші бойынша комиссия мүшелері емханаға өздері келді.

Аталған референдум учаскесінде  2177 дауыс беруші бар.оның 16 сы мүгедектігі бар азаматтар. Олардың көбі референдум учаскесіне келіп таңдау жасады. Ауылдық окрукта 7 учаске бар. Оның 2 ауыл орталығында орналасқан. 7476 адам дауыс беру құқығына ие. 473-ші учаскіде 2234 адам дауыс береді. Таңнан бері тұрғындардың 75 пайызы  таңдау жасап үлгерген. Ордабасыда 49 сайлау учаскесі бар. Онда 354 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Ал,референдумға 69  808 адам таңдау жасайды деп күтілуде.