Референдумнан Өзбекстанда жүрген отандастарымыз да қалыс қалмады.Онда 500-ден аса отандасымыз дауыс берді. Бірі жұмыс бабымен барса, кей бірі демалыста турист ретінде барған екен. Олар азаматтық позициясын Ташкенттегі Қазақстан елшілігінде арнайы учаскелік комиссияға барып білдірген. Ол жақтағы ахуал қандай?
Көршілес Өзбекстанның консулдығында орналасқан жалғыз референдум учаскесі өз жұмысын әнұранмен бастады. Өзге мемлекетте саяхаттап жүрген туристер де конституциялық таңдауын жасаған. Елшілік ғимаратына келгендер ел болашағынан үлкен үміт күтеміз дейді
Жанаргүл Кереева, Қазақстан азаматы:
- Менің ойым өзімнің біз мысалыға Ташкентте жүрміз. Демалысқа келдік. Демалысқа келсек қазір жол жүріп бара жатсақ та өзіміздің патриоттық сезімімізді білдіріп, өзіміз референдумға келіп дауыс беріп кеттік. Біздің міндетіміз деп ойлаймын. Дауыс беріп кетіп бара жатырмыз. Жаңа Қазақстан боламыз деген үміт күтеміз. Білмеймін енді бәрі жаңаша болады деген сенімдеміз.
Ташкенттің Абай көшесінде орналасқан Қазақстан елшілігінен елордадан бюллетеньдер жеткізілген. Таң сәріден ашық болған референдум учаскесі дауыс беру тәртібіне сай жабдықталған. Тарихи таңдау жасауға келген туристер референдумнан серпіліс күтеді
Талғат Аюпов, Қазақстан азаматы:
- Осындағы теңге банктің басқарушысымын. Теңген банк ол Қазақстандағы халық банкінің өкілділігі. Енгізіп жатқан өзгерістер Конституцияға өте маңызды. Сол үшін келіп дауыс бердім. Өзгерістер көп. Менің ойымша, олардың барлығы жақсы өзгерістер алып келеді.
Айта кетейік ала шапанды бауырластарымыздың еліндегі дауыс беру пункті жұмысын бір сәт те тоқтатпай, кешкі 8-ге дейін жалғастырады. Референдум күнтізбе бойынша жексенбіге тура келгендіктен қазақстандық саяхатшылардың қатары артуы да ықтимал дейді коммисия төрағасы
️