Республика бойынша 6 миллионнан астам адам дауыс берді

103
05.06.2022 11:56

Орталық референдум комиссиясы референдум өтті деп санауға қажетті дауыс жиналғанын айтты. Өйткені, Республика бойынша 6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Орталық Референдум Комиссиясы мәлімдеді.

Ресми дерекке сүйенсек, пайыздық көрсеткіш бойынша алғашқы үштікке Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары енген. Алғашқы қатардағы Қызылорда облысы халқының 65 пайызы таңдауын жасаған.