Балалар үйі

1771
03.06.2021 23:17

Төле би ауданы Бірінші мамыр ауылдық округінде отбасы үлгісіндегі балалар үйі орналасқан. Мұнда 60-қа жуық жеткіншек тәрбиеленуде. 90 жылдық тарихы бар бұл үй соңғы жылдары мүлдем басқаша кейіпке енді. Онда топ – жанұяға, тәрбиеші – анаға айналды. Күні кеше бұл қамқорлық үйіне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі мерекелік концерт берді.