Мәдениет және өнер қызметкерлері де өз таңдауын жасады. Солардың бірі белгілі сазгер Бекжігіт Сердәлі. 30 жылға жуық уақытын білім беру саласына арнаған ол бүгінгі референдум учаскісіне арнайы келген. Номері 103 дауыс беру орнына таң шапағымен ерте келгендер қатарында. Республика халқының өмірін өзгертуде аса маңызды дейді ол.
Жоғарғы оқу орны қабырғасында орналасқан дауыс беру пунктіне таңғы 7:00 – 8:00 аралығында дауыс берушілердің алғашқы легі келе бастады. Референдум орнына алғашқы болып келгендерге түрлі сыйлықтар табысталды. Дауыс беру учаскісінің төрағасы бүгінгі мемлекеттік маңызы бар шараға дайындық жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды дейді.
️