Түркістан қаласында Референдум учаскесіндегі жағдай қалай?

194
05.06.2022 08:18

Түркістан қаласындағы референдум барысын қарқынды. Мәселен облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 1500-дей кездесу өткізді, 180 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Сонымен бірге «Amanat» партиясы жанынан құрылған штаб та түсіндіру, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Өңірдегі 914 сайлау учаскесінде 6500 бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылап отыр. Сағат күндізгі 10-ға дейінгі мәлімет бойынша Түркістан өңірінде сайлаушылардың 33,15 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Облыстың барлық аудан, қалаларында дауыс беру жалғасып жатыр.