400 балаға стоматологиялық тегін қызмет көрсетілді. Игі бастамаға әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мұрындық болды. «Балаларға күлкі сыйла!» акциясы аясында қалалық емхана балаларды қабылдаған. Бұл мүмкіндікті Түркістан көмекші мектеп интернаты және облыстық тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері алды. Бұдан бөлек кез-келген кәмелетке толмаған тұрғын науқанға қатыса алады. Оның ішінде, тісің қарап, кеңес беріп, емдеп, жұлып, физотерапиялық шаралар жүргізілген.
Сонымен қатар стоматологиялық аурулардың профилактикасы да ұйымдастырылды. Яғни балаларға ауыз қуысы гигиенасын үйретіп, жеке құралдарды дұрыс таңдауды түсіндірді. Тіпті тіс дәрігеріне жүрексінбей келген балғындарды диломмен марапаттады.
️