Қазығұрт ауданында 70 мыңға жуық тұрғын референдумға қатыса алады. Ол үшін 61 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Арнамыздың тілшісі Шұрайлы өңірдің Рабат елді мекенініндегі саяси шарамен танысып, ауыл биі Жәдігер Сейткұловтың шаңырағында қонақ болды.
4 перзентін өсіріп-жетілдіріп, немере көріп отырған Жәдігер ақсақал үшін бүгіннің орны бөлек. Өйткені «қазақ халқы жаңа дәуірге бет бұрмақ» - дейді. 70-ті алқымдаған қария Билік пен халықтың арасы алшақтап кеткенін айтады. Енді санасатын уақыт жетті деген пікірде. Ол үшін Ата Заңға өзгеріс ауадай қажеттігі белгілі. Бұл референдум – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт екенін жеткізді.
Жәдігер Сейткұлов, ауыл тұрғыны:
- Құдай қаласа Референдум арқылы Ата Заңымызға ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, еліміздің дамуы, халқымыздың сол заң арқылы үлкен жоғарыдағы үкіметтің жұмыстарына қадам жасап, оларды бақылауға көмегі тиеді деп ойлаймын.
Киелі Қазығұрт ауданында 110 мыңнан астам халық бар. Оның жартысынан астамы дауыс беру құқығына ие жандар. 61 елді мекеннің барлығында референдум учаскесі жұмыс жасап жатыр. Ал мүгедектер мен науқастар өз үйлерінде дауыс беру үшін бюллетендер мен жәшіктер жеткізіледі. Референдумға бас босандығынан айырылғандар үшін де 2 учаске жұмыс жасайды.
Ерболат Ергебекұлы, 298 референдум учаскесінің комиссия төрағасы:
- Таңғы 7-ден жұмысты бастадық. Бізде 298 учаскесінде 1496 адам бар. Алғашқы легі келіп жатыр.
Референдум учаскесінде одан бөлек бақылаушылар да жұмыс істеп жатыр. Олар саяси науқанның әділ өтуін жіті қадағалауда.
️