Мәжіліс депутаттары Бәйдібек ауданына барды

260
04.06.2022 05:25

Түркістанда халыққа Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың негізгі бағыты мен маңызы түсіндірілді. 

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі Қайнар Абасов Бәйдібек ауданында тұрғындармен кездесу өткізді. Басқосуда парламент Мәжілісінің депутаты бесінші маусым күні халықтың дауысы маңызды екенін атап өтіп, бір кісідей қатысуға шақырды. Референдум жүзеге асса Ата заңдағы 33 бапқа 56 түзету енгізіледі. Демек, елді ауқымды саяси жаңғырту күтіп тұр. Бұл әділетті мемлекет құрудың басты қадамы. Жаңашылдықтар жарқын болашақ пен қоғам мүддесі үшін қызмет етеді дейді штаб мүшесі.

Қайнар Абасов,  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Республикалық штабтың мүшесі:

-          Билікпен халықтың арасындағы алшақтық жоғарлап кетті. Жағдайы төмен халықпен байлардың арасындағы алшақтық, ауылмен қаланың арасындағы алшақтық жоғарлады. Осының барлығы қаңтар оқиғасы себеп болады. Бұл өзгерістер біздің қоғамымызға қажетті өзгерістер. Сол өзгерістердің бастамасы ата заңымызға өзгерістер енгізу. 

Ал тыныштық және референдум күндерінде үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Яғни бүгін түн ортасында үгіт аяқталып, 4 маусым «тыныштық» күні болады. Ол күні үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңмен құқықтық жауапкершілік қарастырылған.