Референдумды насихаттап жүрген қоғамдық сарапшылар жұмысын қорытындылады.
Нақтыласақ ғалым, профессор, бұқаралық ақпарат құралдары және зиялы қауым өкілдерінен құралған 28 азамат 50-ден астам сараптамалық мақала жариялаған.Сондай-ақ Ата Заңның әр бабындағы өзгеріске қатысты салалық пікірлер мен үн қатулар қазақ, орыс, өзбек, түрік және ағылшын тілдерінде тұрақты таратылған. Айта кетейік қоғамдық сарапшылар тобының мақсаты, электронды ресурстар арқылы референдумның маңызын халыққа жеткізу.
Сейдулла Айкөзов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ақпараттық талдау орталығының директоры, облыстық штаб мүшесі:
- Қоғамдық сарапшылар тобының мақсаты, біріншіден, Конституциялық референдум біздің қоғамдағы демократиялық қағидаттарды берік ұстануының көрінісі екендігін айқындау; Екіншіден, референдум Қазақстанның болашағын айқандаушы әлемдік тәжірибеден өткен саяси тетік екендігін ақпараттандыру; Үшіншіден, Президенттің бұл бастамасының бүгінгі принципі - демократияны тереңдету барынша ашық қоғамды құруға бағытталған және халықтың саяси мәдениеті мен белсенділігін арттыру бастамасы екендігін тұжырымдау.
️