Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға байланысты халыққа үндеу жолдады.
Онда мемлекет басшысы Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұрғанын жеткізді. 1 күннен кейінгі саяси науқан мемлекет үшін маңыздылығын айшықтап берді. Сондай-ақ Елді жаңғырту жолындағы жаңа жүйе жайын түсіндірді. Өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз деді Президен. Сонымен қатар, Конституцияға енгізілетін түзетулер Парламенттің де пәрменін арттырмақ. Бұл әрбір азаматтың болашағына тікелей әсер ететін қадам.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік.
️