Пандемия кезінде басы дауға қалған сот төрағасы қызметінен босатылды

217
04.06.2022 04:48

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 аудандық сотты таратты. Кеше қабылданған қаулы бойынша бірқатар судьялар да  қызметінен босатылды. Солардың бірі  Нұр-Сұлтан қаласы  сотының төрағасы - Тілектес Бәрпібаев. Естеріңізде болса ол Пандемия кезінде жеке ұшақпен Германияға емделу үшін барамын деп басы дауға қалған болатын. Фемида қызметкері отставкаға кеткенімен, оның жекеменшік ұшағына қатысты тексеріс жалғаса бермек.  Бұған дейін ұшақты  экс-судьяның құдасы жалға алғаны анықталған.   Ал Тілектес Бәрпібаев жұбайымен бірге осы рейстің жолаушылары болған. Осы жайт бойынша Жоғары Соттың  комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерімен  тексеріс жүргізеді.