"Worldskills" байқауы қортындыланды

378
04.06.2022 04:42

«Worldskills Turkistan-2022» облыстық чемпионаты мәресіне жетті. 59 құзіреттілік бойынша 38 колледжден бақ сынаған 294 студент өз шеберліктерін ортаға салды.  Топ жарып шыққан үздіктер қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық додаға жолдама алды.

Сержан Әділбеков Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры. Оқу ордамыздың  ерекшеленетін тұсы - қонақүй шаруашылығы мен туризм саласына көбірек көңіл бөлуі дейді ол. Сондай-ақ колледждің аталмыш жобаға жыл сайын қатысатынын тілге тиек етті. Студенттері республикалық додада 2 жыл қатарынан мейрамхана қызмет  көрсету құзіреттілігі бойынша облыс намысын қорғаған. Ал бұл жолғы сайысқа 8 құзіреттілік бойынша қатысып отыр.

Сержан Әділбеков,  "Түлкібас агробизнес және саяхат" колледжінің директоры:

-          Қазіргі таңда 8 құзіреттілік бойынша қатысып жатыр. Олар тігін өндірісі, тамақ өндірісі, дәнекерлеу, қонақ үй, туризм саласы бойынша осы мамандықтар бойынша қатысып отырмыз. Бұл жобаның ерекшілігі модулдік жүйелер бойынша, сол модулдердің жылдағы өзгеріп, жаңашыл өзгерістер енгізуі. Сонымен қатар кешегі ашылу салтанатында да  коледж студенттерінің қолмен жасаған құрал-жабдықтарды көрмеге қойып көрсетіп жатырмыз.

Инновациялық жобалар көрмесі 4 күнге созылды. Оған  қатысушылар қолөнер бұйымдары, ауылшаруашылық техникалары мен ІТ технологиялық құрылғыларын ұсынған. Олардың еңбектерін 284 сарапшы бағалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді екен. 

Нұржан Нұрлыбаев, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

-          Бұл чемпионат жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын чемпионаттардың бірі. Бұл Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен өтіп жатыр. Чемпионат барысында әртүрлі құзіреттіліктер бойынша 14 колледж базасында өткізілді. Бұл облыстық чемпионаттың мақсаты - қазіргі колледждердегі білім алушылардың білім сапасын арттыру, олардың деңгейлерін көтеру, бір-бірімен тәжрибе алмасу, жұмысшы мамандықтарға деген сұранысты арттыру. Соларға қызығушылығын ояту. Сонымен қатар, кадрлар даярлау мәселесіне баса назар аудару.

Шара соңында жеңімпаздар қаржылай сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар республикалық додаға жолдама алғандарға сәт-сапар тіледі.