Бір тәулік ішінде елімізде коронавирус пен пневмониядан 19 адам көз жұмған. Сондай-ақ, 25 мыңға жуық қазақстандық ауыр індетпен күресуде. Оның 598 інің жағдайы ауыр дейді мамандар. Жалпы қазір елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша екі өңір ғана қызыл аймақта тұр. Олар Нұрсұлтан қаласы мен Қарағанды облыстары. "Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау мен Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары орналасқан. Қалған өңірлер жасыл аймақта.
️