Түркістанда 1500 оқушы "Балбырауын" күйін орындады

334
03.06.2022 04:53

Түркістан төрінде 1500 оқушы бір уақытта Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. «Балалар жылы» аясында өңірдің өнерлі өрендерінің басын қосқан «Dombyra Party» флеш-мобының  басты мақсаты- қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді ұлықтау.  «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шараға аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев қатысып, аймақтағы республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.