Референдум өткізуді қазақстандықтардың 84% қолдайды

304
03.06.2022 04:37

Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 84 пайызы қолдайды. Бұл мамыр айының ортасында Орталық коммуникация қызметі жүргізген зерттеу көрсеткіштерінен 12 процентке артық. Сауалнамаға қатысқандардың 86 проценті дауыс беру 5 маусымда өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8 пайызға артқан. Қазақстандықтардың 76 пайызы дауыс беруге ниетті.

Сауалнама көрсеткендей, олардың 79 проценті ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары. 80 пайыздан астамы Президент реформаларын жақтайды. Сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18 жастағы және одан үлкен 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілді.