«Мемлекеттен бөлінетін әлеуметтік көмекті бермей отыр». Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекенінің бір топ тұрғындары осылай деп арызданды. Олардың айтуынша, салаға жауапты мамандар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тиесілі азық - түлік себетін уақытылы үлестірмей қойған. Мәселені айтып жұрт әкімдіктің есігін жағалап жүргенізге 5 ай уақыт болды дейді. Бірақ одан нәтиже шықпапты.
Тұрыстық жағдайымыз нашарлап кетті деген Шұбарсулық тұрғындар бас көтерді. Олардың айтуынша, аз қамтылған отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек 5 айдан бері берілмей қойған. Мәселені айтып бірнеше рет әкімшілікке де барыпты. Бірақ жауаптылар олардың арызына құлақ аспапты.
Динара Дауленбаева, ауыл тұрғыны: 24-NAME_RGB1
- Біз де отырмыз ғой мына жерде балашағамызбен. Әкім жүгіру керек мына жерде продуктыны әкеп беру үшін. Шырылдап балаларымызды, есікті құлттап келіп отырмыз. Келсең болды жауап бермей теріс қарап отырады. Шықпайды мына жерге. Жауап та бермейді. Мал емеспіз біз. Алты ай болды ғой продуктыны ала алмай жатырмыз. Мына жерге келеміз, кетеміз.
Тұрғындардың сөзінше, мұндай жағдай алғаш рет қайталанып отырған жоқ. Жұрт арызданған кезде ғана тиісті себеттерді жеткізіп береді екен. Кейде тіпті сапасы төмен, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті таратқан кезі болды дейді жұрт.
Баян Жүрсінова, ауыл тұрғыны: 24-NAME_RGB1
- Біз бірінің продуктысын әлі алғанжоқпыз. Екісін айтпай-ақ қояйық. Бізде үнемі осындай проблема. Басқа қалаларда ондай емес, бірақ біздің Шұбарсуда, Ордабасыда осындай.
Ал, салаға жауапты мамандар мәселеден хабардармыз дейді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлім басшысы Мұрат Нұрханұлы мұндай жағдайдың орын алып отырғанына әкімдік пен мердігер мекеменің арасындағы келісім-шарттың аяқталғаны себеп болып отырғанын жеткізді.
Мұрат Ізтілеу, Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлім басшысы: 24-NAME_RGB1
- ГСП таратушы Ернияз Гупп деген жеңімпаз анықталғаннан кейін бұл кісілердің өздеріне де айтып түсіндірдік. 1-2 рет. Енді түсінгендер түсінді, енді түсінбегендерге тағы да ескертіп жатырмыз. Кінә, сәл кеш өткеніне байланысты болып отыр. Біздің де кінәміз емес. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес тәртібі мен талабы бар. Соның бәрін сақтауымыз керек.
Айта кетсек, Ордабасы ауданда аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету үшін 291 млн теңге бөлінген. Азық-түлік себетін үлестіру жұмысы «ERNYAZ GROUP» ЖШС-і өз мойнына алған екен. Қазір мемлекеттен бөлінетін көмекті үлестіре алмай отырған мекемеге ескерту беріліпті. Егер олар ескертуді елемесе заң аясында келісім-шарт бұзылмақ. Жауапты әкімдік кеткен қателіктердың орны толтырылып, бірер күнде жұмыс қатаң бақылауға алынатынына сендірді.
️