Семейде орман алқабы өртенді

327
03.06.2022 04:19

Шығыстағы орман өрті ауыздықталды. Еске салсақ, Семейде екі күннен бері шамамен 250 гектар орман алқабы өртенген. Зардап шеккендер жоқ.  Тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті атқарушы орган өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, орманшылар мен өңірлік төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жұмылдырылған.

Айта кетейік, өрт «Семей Орманы» орман шаруашылығына қарасты «Жаңа Семей» филиалының аумағында шыққан болатын. Жағдайға байланысты қалада қауіптіліктің 5 деңгейі жарияланған. Мамандар аталған жағдай таулы аймаққа найзағайдың түсуінен болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.