Балалар мерекесі тағы бір ерекше іс-шарамен толықты. Түркістанда батпырауық ұшырудан фестиваль өтті. Оған қатысушылардың барлығы мектеп жасындағы оқушылар. Облыс әкімдігінің алдында 100-ден аса бала батпырауық ұшырып мерекені көңілді қарсы алды.
Фестиваль 10 күндік «ТҰРАН БАЛА ФЕСТ» жобасының аясында өтіп отыр.
Сәуле Өмірбаева, Түркістан облыстық «Жас туристер» станциясының басшысы:
- Бүгінгі мерекеге орай Түркістан облысы әкімшілігін атынан Тұран бала бест деген 10 күндік іш шара өткілуде. Яғни мерекеде батпырауық ұшырып мерекемен бөліскіміз келді. Біздің тарапымыздан 10 күндікке орай 4 ауқымды шара өтті.
️