Сауран ауданында мерекеге орай балаларға керекті заттар таратылды

319
02.06.2022 10:11

Сауран даласы бүгін бүлдіршіндердің сыңғырлаған шат күлкісіне толды. Балаларды қорғау күніне орай  ауданға қарасты  12 ауылдан келген кішкентайларды мәслихат депутаттары мерекемен құттықтап,  сый-сияпат үлестерді.

Думанға толы шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Шараның негізгі мақсаты балдырғандардың жүзіне шаттық сыйлау дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, балаларды қорғау күні 72 жылдан бері Халықаралық деңгейде атап өтіліп келеді. Елімізде кең сипатқа ие. Балалар құқығы заңмен қорғалады.  Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.

Гүлнар Қоңырбаева, Қозмезгіл елді мекенінің тұрғыны:                             

-         Өте керемет өтіп жатыр. балдар қуанып, осы болшағамыз балдар аман болсын. биіктерден көрінсін. 

Нұржан Жүсіпбаев, Сауран аудандық мәслихатының депутаты:

-         Бектерді қуантып,көңілдерін аулау. бұл біткен кейін осы жерге келе алмаған 8 бүлдіршініміздің үйіне барып  ауыл партиясының атынан қосымша береміз. Мейрамды сезініп бір қуанса соның өзі үлкен мәртебе.