Түркістанда "Жұлдызай" балалар байқауының гала-концерті өтті

554
02.06.2022 10:01

 «ЖҰЛДЫЗАЙ» XVII Республикалық балалар шығармашылығы фестивалі мәресіне жетті. Өнер сайысының гала концерті балалар мерекесімен тұспа-тұс өткізіліп отыр. Инклюзивті балаларға арналған Қазақстандағы шоқтығы биік жалғыз байқау Түркістанда ұйымдастырылуы да тегін емес.

 Бұл фестиваль басқалардан өзгерек. Өйткені ерекше қажеттілігі бар талантты балалар бас қосатын Қазақстандағы жалғыз байқау.

Рамазаннан басқа жарысқа қатысуға ниет білдіріп, іріктеуден сүрінбей өткен 300 қатысушы бар. Олар эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетіп, жас көрермендеріне керемет көңіл күй сыйлады. Фестивалдің Түркістанда өтуінде де өзіндік сыр бар дейді жобаның бас продюссері. Жалпы конкурс вокал, хореография, аспаптық орындау мен әнді ыммен шырқау бойынша өтті.

Республикалық байқаудың нәтижесіне сәйкес, 162 ерекше бала Фестивальдің лауреаты атанды. Бас жүлдені Шымкент қаласының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты» тәрбиеленушісі Жұмабеков Айбын иеленді.