1,2 млрд теңге айыппұл салынған

92
03.06.2021 23:12

Бұл 6 айдың ішінде карантин талаптарын бұзған ел азаматтарына салынған айыппұлдың мөлшері. Арнайы мониторинг топтар осы уақыт аралығында 95 мың рейд жүргізіп, жарты миллионнан астам нысанды тексеріпті. Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстары екен. Тексеру кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіндігі, шектеулер сақталмайтыны, бұқаралық шаралар ұйымдастырылғаны  анықталған. Мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберіліп, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылыпты.