«TURAN-BALAFEST» мәресіне жетті. Он күнге созылған ауқымды жоба Балаларды қорғау күнінде қорытындыланып отыр. Балалар жылына орай ұйымдастырылған «TURAN-BALAFEST» он күндігінің қорытынды кеші «Керуен сарай» көпсалалы кешінінде өтуде.
Мұнда облыстың әр түкпірінен келген жас жеткіншектер өнерлерін ортаға салуда. Іс-шара барысында республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев мырза арнайы марапаттап, 200 мың теңгелік қаржылай сыйлықтың сертификатын тапсырды. Айта кетейік, «TURAN-BALAFEST» фестивалінің жабылуы қазақстан эстрада жұлдыздары және жергілікті өнерпаздардың Гала концерті мен мерекелік от шашуға ұласады.
️