Маңғыстау облысында электор орталығы өртке оранды. Оқиға түнгі сағат 21 42 шамасында болған.
Қазіргі таңда төтеншеліктер қызыл жалынды сөндірген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша бұл оқыс жағдайдың қаланы сумен, электор энергиясымен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізбейді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 15 құтқару қызметкері мен 6 қызметкер жұмылдырылған. Ал кәсіпорыннан 4 адам, және 4 тәртіп сақшысы жұмылдырылған.
️