3 350 шаршы метр асфальт бұзылып, қайта төселетін болды. Сарыағаш ауданы Ақниет ауылында жол жөндеу жұмыстары сапасыз жүріп жатқаны туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тараған болытын.
Осыған орай Ұлттық сапа орталығы аталған нысанда сараптама жүргізіп, жол құрылысы жұмыстарының шынымен техникалық талапқа сай жүргізілмегенін анықтады.
Атап айтқанда, асфальт төселмес бұрын малта тасты құмды қоспаға битум имульциясы себілмеген. Осыған орай Ұлттық сапа орталығы, тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және мердігермен ақылдасып, төселген асфальтты қырып тастап, қайта салу керек деген шешім шығарған.
️