Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадациялаудан бас тартты

263
01.06.2022 08:56

Қытай билігі Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты.  Алайда бас прокуратура өкілдері әлі де үміт үзуге болмайтынын айтып отыр. Егер Қытай тарапы сотталушының жазасын қысқартып, нақты уақытын тағайындаса, елге қайтаруға мүмкіндік бар екенін атап өтті.  Айта кетсек, биыл мамыр айында Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айрылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екендігін оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов айтқан еді. Ол 2014 жылы наурыз айында Гуанчжоу әуежайында қолға түскен. Кейін оны өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданған. Бойжеткен есірткі туралы білмегенін айтқан. Ал нигериялық есірткі тасымалдаушы әлі ұсталған жоқ.