Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ісі сотқа жетті. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-ші бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылды. Естеріңізге сала кетейік Атырау облысының әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Онымен бірге өңірлік мәдениет басқармасынынң басшысы Ақылбек Рысқалиевте ұсталды.
️